Киевтегі атыс кезінде Қазақстан тумасы әрі еңбек сіңірген жаттықтырушының спорт залы өртеніп кетті

0
1 337

​Кикбоксингтен Украина мен Еуропаның бірнеше дүркін чемпионы, 20 жылдық тәжірибесі бар жаттықтырушы, кикбоксинг федерациясының президенті Николай Акижанов Киев маңындағы оқиға кезінде қалада болған.


Киевтегі атыс кезінде Қазақстан тумасы әрі еңбек сіңірген жаттықтырушының спорт залы өртеніп кетті

ERNUR.KZ. Қазақстан тумасы екі апта болған атыс кезінде қалай аман қалғанын айтып берді, деп жазады Tengrinews.kz.

Қақтығыс басталған кезде Николай Киев облысының Буча қаласында болған. Оның айтуынша, толқу бірден басталған. Алғашқы күндері жанармай бекеттері мен дүкендерде кезек пайда болған.

"Алғашқы жарылыс дауысы таңертең ерте естілді. Сағат 11-де ұшақтар пайда болды. Қатты қорқынышты болды. Зымыран үйге түсіп жатты, адамдар жертөлеге тығылды, ақылдарынан адасты. Бірінші, екінші күндер жарық пен газ болды. Содан кейін снаряд құлап, көрші үйде газ құбыры жарылып, газ өшті. Су мен газсыз бір апта тұрдық", - деді Николай.
Николай Акижанов жаттығу өткізген Киевтегі спортзалға зымыран түсіп, ғимарат өртеніп кеткен. Ол жұмыссыз қалған. Әңгіме барысында ер адам Львовқа жетуді жоспарлап отырғанын және сол жерден Қазақстан азаматтарымен бірге Польша арқылы Отанына орала алатынын атап өтті. Қазақстанда көмектесетін туыстары мен достары бар екен.
"Мен қазақпын, Еуропа маған керек емес. Өзіммен тек екі сөмке аламын. Не болатынын білмеймін. Бәрін басынан бастайтын шығармын. Меніңше, бұл - түс, оянсам, бәрі бұрынғыдай болады. Жаттығу залына барамын", - деді ол.

Қазақстанның Украинадағы елшілігі Акижановпен байланыс жасап, оған көмек көрсетіп жатыр. Қазақстанның Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі Дархан Кәлетаев Украина азаматтарының 18 жастан 60 жасқа дейін кетуіне тыйым салынғанына қарамастан, Николай Акижанов екінші топтағы мүгедектігіне байланысты кете алатынын атап өтті. Сонымен қатар, Кәлетаев оның батыл екенін айтты. Өйткені ол атыс болған күндері көптеген адамға көмектескен.