ҚМА күдіктіге халықаралық іздеу жариялады: 59 адам зардап шеккен

0
480

Жәбірленушілердің жалпы саны - 59 адам, келтірілген залал сомасы 63 373 356 теңге болады.


ҚМА күдіктіге халықаралық іздеу жариялады: 59 адам зардап шеккен

ERNUR.KZ. Қызылорда мен Қызылорда облысының аумағында Qnet қаржы пирамидасын құру және басқару дерегі бойынша күдіктіге іздеу жарияланды, деп жазады tengrinews.kz.

"Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті 2019-2022 жылдары Қызылорда мен Қызылорда облысының аумағында Qnet қаржы пирамидасын құру және басқару дерегі бойынша Қазақстан Республикасының азаматы 11.10.1990 жылы туған Жұбанаев Алмас Оразалыұлына іздеу жариялады", - делінген хабарламада.

Бұлтартпау шарасы "Қамауда ұстау", іздеу түрі – "Халықаралық".

"Жұбанаев Алмас Оразалыұлы заңсыз қызметін жүзеге асыру барысында Instagram әлеуметтік желісін пайдалану арқылы Алматы, Шымкент және Қызылорда қалаларынан адамдарды тартып, тренингтер және үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген".

Жәбірленушілердің жалпы саны - 59 адам, келтірілген залал сомасы 63 373 356 теңге болады.

"Егер сіз іздеуде жүрген адамның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпаратты білсеңіз, төмендегі телефондар арқылы хабарлауыңызды сұраймыз: 8-775-125-55-54, 8-701-527-10-45", - делінген ҚМА мәліметінде.