Республикалық Бас мешітке келген қыз құлшылық үйінің ішкі тәртібі мен әдебін өрескел бұзып, имам жұмысына, намаз оқушылардың құлшылығына кедергі келтірген.
ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде Нұр-Сұлтан қаласындағы Бас мешіттің сыртында билеп жүрген жас қыздың видеосы тарады. Мешіт ауласында ерсі әрекеттер жасап, күзетшілердің ескертуіне құлақ аспаған қыздың кім екені анықталған жоқ, деп жазады zakon.kz.
21 тамызда сағат 18:48-де Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Республикалық Бас мешітке келген қыз құлшылық үйінің ішкі тәртібі мен әдебін өрескел бұзып, имам жұмысына, намаз оқушылардың құлшылығына кедергі келтірген.
Дін қызметкерлері оған мешіт әдебі туралы түсіндірмек болғанымен, қыз ескертуге құлақ аса қоймаған.
"Имам кеңесіне бағынбаған ол «мен Мәһдимін, оны осы жәрде дәлелдеуім керек» деп қарсылық танытты. Мешіт қызметкерлері ер азаматтар намаз оқитын орынға әйелдердің келуіне болмайтынын жеткізіп, оны сыртқа шығаруға мәжбүр болды", - деп мәлімдейді ҚМДБ жанындағы Республикалық Бас мешіттің баспасөз қызметі.
ҚМДБ мешітке келушілерді құлшылық үйінде қарапайым адамгершілік әдептерді сақтауға шақырды.