Некенің өзге шарттарына уәлидің, яғни қалыңдықтың ата-анасының рұқсаты мен келісімі, куәгерлердің қатысуы, сондай-ақ некеге тұруға кедергі болатын туыстық немесе діни шектеулердің болмауы кіреді.
ашық дереккөз
ERNUR.KZ. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ресми сайтында некенің төрт негізгі шартына қатысты түсініктеме беріп, қоғамда жиі талқыланатын мәһр мөлшеріне байланысты өз ұстанымын жариялады, деп жазады ulysmedia.kz.
ҚМДБ ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, мәһрдің мөлшерін ер азаматтың материалдық мүмкіндігіне қарап, отбасының әлеуметтік жағдайын ескере отырып айтқан жөн
"Мәһр – ер адамның неке қиылу барысында қалыңдыққа өз ризашылығымен беретін шариғи сыйы. Ханафи мәзһабында мәһрдің ең төменгі шегі 10 дирхам. Сахабалар өмір сүрген заманда 10 дирхам бір алтын динарға тең болған. Бұл қазіргі өлшеммен 4,25 грамм алтын немесе соған тең келетін ақшалай қаражатқа (нарықтағы құнына) сәйкес келеді. Мәһрдің мөлшерін ер азаматтың материалдық мүмкіндігіне қарап, отбасының әлеуметтік жағдайын ескере отырып айтқан жөн. Өйткені мәһр күйеу жігітті қарызға батыратындай көп немесе қыздың көңілін қалдыратындай аз болмауы керек", – делінген хабарламада.
Сонымен бірге, мәһрді толық көлемде бірден төлеу мүмкін болмаған жағдайда, исламда оның бір бөлігін неке қию кезінде (мәһр муғажжәл), ал қалған бөлігін кейінірек (мәһр муәжжәл) беру рұқсат етіледі.
Некенің өзге шарттарына уәлидің, яғни қалыңдықтың ата-анасының рұқсаты мен келісімі, куәгерлердің қатысуы, сондай-ақ некеге тұруға кедергі болатын туыстық немесе діни шектеулердің болмауы кіреді.


