Көкшетау қаласының мектептерінде алкогольге тәуелді күзетшілер жұмыс істеген

0
489

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектептерге өз қызметін көрсететін жеке ұйымдардың заң үстемдігін сақтауға ерекше көңіл бөлінеді


Көкшетау қаласының мектептерінде алкогольге тәуелді күзетшілер  жұмыс істеген

иллюстрациялық фото

Көкшетау қаласының прокуратурасы Ақмола облысының Полиция департаментінің бірлесіп, ұйымдарының қызметіне тексеру жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Тексеру барысында «Алкогольді тұтынудан туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылыстары, тәуелділік синдромы» диагнозымен наркологиялық диспансерлік есепте тұрған күзетшілер анықталды.
Күзетшілердің өздеріне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі бөлігінде басқа да бұзушылықтар, сондай-ақ оларды күзетші ретінде еңбек қызметін жүзеге асыруға тыйым салатын баптар бойынша бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тарту фактілері анықталды.
Тексеру нәтижелері бойынша Көкшетау қаласының прокуратурасы уәкілетті органға кінәлілерді заңда белгіленген жауапкершілікке тарту және қызметкерлерді мектептерді қорғаудан шеттету мақсатында заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізді.