Көкшетауда мүгедектерге арналған көмек қайтыс болғандардың балаларына берілген

0
631

Арнайы қаражат мемлекет меншігіне қайтарылды.


Көкшетауда мүгедектерге арналған көмек қайтыс болғандардың балаларына берілген

ERNUR.KZ. Көкшетау қаласының прокуратурасы мүгедек адамдардың құқықтарын қорғады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Ақмола облысының прокуратурасынан хабарлағандай, мүгедек адамдарды техникалық көмекші құралдармен және түрлі қызметпен қамтамасыз ету кезінде заңбұзушылықтар болған.

«Талдау барысында қайтыс болған адамдардың атына 2 млн теңгеге 2000-нан астам гигиеналық құрал, мүгедек арбалары және басқа да жеке құралдар жазылғаны анықталды (балалары қабылдаған)», - делінген хабарламада.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша арнайы қаражат мемлекет меншігіне қайтарылып, кейіннен мұқтаж мүгедектерге бөлінді.