Көкшетауда өзен арнасынан шығып, адамдар қауіпсіз жерге көшірілді

0
775

Халықты бейімдеу орталығына 52 адам эвакуацияланды.


Көкшетауда өзен арнасынан шығып, адамдар қауіпсіз жерге көшірілді

ERNUR.KZ. Көкшетауда Қылшақты өзені арнасынан шығып, түнде су басқан учаскелердегі жеке тұрғын үйлер мен көп қабатты үйлердің тұрғындары уақытша қоныстану аумағына орналастырылды, деп жазады sputnik.kz.



Қазіргі уақытта жұмыспен қамтамасыз ету, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі жанындағы халықты бейімдеу орталығына 52 адам эвакуацияланды.
28 наурызда Көкшетау қаласында Қылшақты өзенінің жағасынан судың шығуына байланысты сегіз жеке үй, 28 жеке аула аумағы және 7 көпқабатты тұрғын үй ауласы су астында қалды.
"Қазіргі уақытта жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілуде, 150 метр нығайтылды, 280 тонна инертті материал төселді, 110 метр каналдар мен арықтар кеңейтіліп тереңдетілген, 310 қап жиналып және төселді, 1000 шаршы метрден астам еріген су айдалды", - деп хабарлаған еді әкімдік 28 наурызда.
Су басу учаскелерінде полиция қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың кезекшілігі ұйымдастырылды.