Көкшетауда пойыз әйел адамды қағып өлтірді

0
100

Алдын ала мәлімет бойынша, жәбірленуші теміржол жолын белгіленбеген жерден кесіп өткен.


Көкшетауда пойыз әйел адамды қағып өлтірді

фото: pixabay


ERNUR.KZ. Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм теміржол жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек болған, деп жазады zakon.kz.

2026 жылғы 8 қаңтарда Көкшетау станциясындағы желілік полиция бөлімі теміржол көлігі қозғалысы мен пайдалану қағидаларын бұзу салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соққан дерек бойынша қылмыстық іс қозғады.

"Алдын ала мәлімет бойынша, жәбірленуші теміржол жолын белгіленбеген жерден кесіп өткен. Қазіргі уақытта іс бойынша оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді", - деп хабарлады көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ ведомство өкілдері азаматтарды теміржол жолынан өту кезінде қауіпсіздік үшін жаяу жүргіншілер көпірлері мен арнайы жабдықталған өткелдерді пайдалануға үндеді.