Көкшетауда такси жүргізушісінің зәресін алған үш жігітті полиция қаланың қақ ортасынан ұстап әкетті (ВИДЕО)

0
149

Олар такси жүргізушісінен үнемі ақша бопсалаған.


Көкшетауда такси жүргізушісінің зәресін алған үш жігітті полиция қаланың қақ ортасынан ұстап әкетті (ВИДЕО)

ERNUR.KZ. Ақмола облысының полиция қызметкерлері такси жүргізушісін үнемі бопсалаған үш жігітті қаланың қақ ортасынан ұстап әкетті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Жәбірленушінің айтуынша, күдіктілер күш қолдану және зәбір көрсету арқылы бірнеше рет ақша бопсалаған. Қылмыстық жағдай туралы хабарлама келіп түскен бойда жедел іздестіру шаралары өтіп, полиция қызметкерлері такси иесі ақша берген сәтте оларды қылмыс үстінде қолға түсірген. Күдіктілер – 29 және 24 жастағы үш жергілікті тұрғын болып шықты. Олардың екеуі бұрын да қылмыс жасаған», - деп хабарлайды полиция департаменті.