Жаға ұстатарлық оқиға бүгін болған.
ERNUR.KZ. Қарағандыда Майқұдық шағын ауданындағы үйлердің бірінің жанындағы қоқыс жәшігінен жаңа туған сәбидің мәйіті табылды. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалған, деп жазады sn.kz.
Жаға ұстатарлық оқиға бүгін болған. Қоқыс жәшігінен өлі күйінде табылған ер баланың анасы іздестіріліп жатыр.
«25 сәуірде Қарағанды қаласының Октябрь ауданы 12-ықшам аудандағы үйлердің бірінің маңындағы қоқыс жәшігінің мағынан денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ ер жынысты сәбидің мәйіті табылды. Аталған факті бойынша барлық ішкі істер органы қызметкерлеріне бағыттама берілді. Полиция қызметкерлерімен оның анасын табу бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілуде», - дейді Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз xатшысы Бақытжан Құдияров.
Полиция департаментінің мәліметінше, жаңа туған сәби мәйітінің табылуына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, анасының жеке тұлғасы анықталуда. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жалғасуда.