Көлік арзандай ма – ҚР ИИДМ жауап берді

0
605

Министр жеңілдетілген автонесие бағдарламасы сәуір айының соңына дейін қабылдануы мүмкін екенін айтты.


Көлік арзандай ма – ҚР ИИДМ жауап берді

ERNUR.KZ. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев үкімет кулуарында көлік бағасына қатысты сұраққа жауап берді, деп жазады Zakon.kz.

Біз өзіміздің автоөнеркәсіпті назарда ұстаймыз. Қазір оның бағасы тұрақты болуы үшін барлық шараны қолданып жатырмыз. Жеңілдетілген автонесиеге келер болсақ, автокөліктер 10 миллион теңгеге дейін несиеленеді, бірақ сіз одан да қымбат автокөлікті сатып алуға құқылысыз, алайда айырманы өз қаражатыңыздан төлейсіз.ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев

Министр жеңілдетілген автонесие бағдарламасы сәуір айының соңына дейін қабылдануы мүмкін екенін айтты.

Біз әзірге қазақстандық көліктердің бағасын айтарлықтай көтеруді жоспарлап отырған жоқпыз. Бағалар күн сайын өзгеріп жатыр, сондықтан ертең бағаның қандай болатынын айту қиын. Көптеген позиция бойынша тіпті бағаның төмендеу тенденциясы келе жатыр.ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев