Көлік ұрлаған 22 жастағы жігіт жол апатынан көз жұмды

0
539

"Дорофеевка-Зеленый Бор" бағытындағы автожолда Қызылағаш ауылына жетпей рульді басқара алмай, машина жол жиегіне аударылған.


Көлік ұрлаған 22 жастағы жігіт жол апатынан көз жұмды

ERNUR.KZ. Бурабай АПБ-не Қарабауыр ауылының 48 жастағы тұрғыны 9 қарашаға қараған түні белгісіз тұлға оның "Volkswagen Golf 3" маркалы автокөлігін ұрлап кеткені туралы арызданды, деп жазады zakon.kz.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабының 1-бөлігі "Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену" бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері осы ауылдың 22 жастағы тұрғынын анықтады, ол осы автокөлікпен Абылайхан ауылы бағытында, "Дорофеевка-Зеленый Бор" бағытындағы автожолда Қызылағаш ауылына жетпей рульді басқара алмай, машина жол жиегіне аударылған.

Жол апаты салдарынан жас жігіт алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

ЖКО фактісі бойынша тәртіп сақшылары ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы" бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды.