Кейбір мамандықтар бойынша тәжірибелік жұмыстар жалғасын табады.
ERNUR.KZ. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов колледждер мен университеттер жаңа оқу жылын онлайн форматта оқитыны туралы айтты, деп жазады Stan.kz.
Орталық коммуникация қызметінде өткен онлайн брифинг барысында министр эпидемиологиялық жағдайдың нашар екенін айтты. Сол себепті жоғарғы оқу орындары мен колледждер биылғы оқу жылында да қашықтықтан білім алмақ.
"Колледждер оқу жылын қашықтан бастайды. Санитарлық режимді күшейте отырып, шағын контингенті бар шалғайдағы колледждерде кәсіптік оқытуды, магистранттар үшін кәсіптік практиканы ұйымдастыру кезінде дәстүрлі формат жеке кесте бойынша болады", - деп түсіндірді министр.
Алайда, кейбір мамандықтар бойынша тәжірибелік жұмыстар жалғасын табады.
"Дәстүрлі формат зертханалық жұмыстардың, өндірістік оқытудың, кәсіби тәжірибенің жеке кестесінде жүщеге асырылады. Бұл жүйе бірінші және соңғы курстарға қатысты болады. Жоғарғы оқу орындары да қашықтықтан оқытылатын болады. Доктарантура мен тәжірибелік жұмыстар ұшін кейбір жағдайлар қарастырылады. Алайда, барлық жоғарғы оқу орындары онлайн форматқа көшіріледі", - дейді министр.