Коллекторларға қылмыстық жауапкершілік енгізілуі мүмкін

0
455

Бұған дейін коллекторлардың заңсыз әреуеттері үшін қылмыстық жауапкершілік заңнамалық тұрғыда қарастырылмаған.


Коллекторларға қылмыстық жауапкершілік енгізілуі мүмкін

ERNUR.KZ. Елімізде коллекторларға қылмыстық жауапкершілікті қайта енгізу ұсынылып отыр. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдірахманов айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Соңғы 2 жылдың ішінде коллекторлық ұйымдарды қадағалауға барынша қатаң қарадық. Коллекторлық нарықтың 37 субъектісінің қызметі тоқтатылды. 2021 жылы заемщиктермен өзара іс-қимылда міндетті аудиофиксация бөлігінде белгілі бір шектеу енгізіліп, үшінші тұлғалармен – жұмыс берушілермен, туған-туыстармен коллекторлардың өзара іс-қимылына тыйым енгізілді. Яғни, мұның бәрі шектелді. Дегенмен, қосымша шектеулер қажет деп санаймыз. Сондықтан коллекторлардың әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігін күшейту бөлігінде заңнамалық түзетулер топтамасы әзірленді», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, бұған дейін коллекторлардың заңсыз әреуеттері үшін қылмыстық жауапкершілік заңнамалық тұрғыда қарастырылмаған. Бұған қоса, әкімшілік жауапкершілікті 2 есеге дейін арттыру да ұсынылып отыр. Заң жобасы Мәжіліс қарауына енгізілген.