Колонияларға электронды дүкен енгізілді

0
702

​Ішкі істер министрлігі сотталған адамдарды тұрғылықты жері бойынша колонияға ауыстыру рәсімін жеңілдетті.


Колонияларға электронды дүкен енгізілді

ERNUR.KZ. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Берікқызы айтты, деп жазады inbusiness.kz.

«Заңнамадан жазасын өтеушілерді колонияға ауыстыру барысында ескерілетін оң мінез-құлық туралы талап алынып тасталды», – деді Шұғыла Берікқызы.

Оның айтуынша, сотталғандарға дәрі-дәрмек беруге қатысты шектеу жойылды. Олардың науқастануы бойынша босату туралы өтінішін қарау мерзімі төмендетіліп, өтінішті электронды түрде жіберу құқығы берілді.

«Ақпан айында сотталғандардың тамақтану нормасы 40%-ға, сәлемдемелер мен сауқаттардың рұқсат етілген салмағы үштен бірге артты. Өзімен бірге алып жүруге, сәлемдеме алуға және сатып алуға рұқсат етілетін заттардың тізбесі кеңейтілді. Өткен жылдан бастап колонияларда электронды дүкен енгізіле бастады. Бұған қоса кездесу саны артты», – деп мәлімдеді ішкі істер министрлігінің өкілі.