Көлсайда шатқалға құлап кеткен микроавтобусты алып шықты

0
100

Төтенше жағдайлар министрлігі апат салдарын жою жұмыстарына "Қазселденқорғау" қызметінің мамандары жедел түрде қосылғанын мәлімдеді.


Көлсайда шатқалға құлап кеткен микроавтобусты алып шықты

Фото: Видеодан скрин

ERNUR.KZ. "Көлсай көлдері" ұлттық паркі аумағында туристер мінетін микроавтобус еңістен сырғып кетіп, шамамен 150 метр тереңдіктегі шатқалға құлаған, деп жазады Stan.kz.

Төменге ылдилап түскен микроавтобустың видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті. Кадрлардан көлік құралының тау баурайымен төмен қарай жылдам сырғып бара жатқаны көруге болады. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға кезінде автобустың ішінде ешкім болмаған.

Төтенше жағдайлар министрлігі апат салдарын жою жұмыстарына "Қазселденқорғау" қызметінің мамандары жедел түрде қосылғанын мәлімдеді.

“ТЖМ "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің жақын маңда гидробекет орнату жұмыстарын жүргізіп жүрген қызметкерлері оқиға орнына жедел жетті. Алматы облысы ТЖД күштерімен бірлесіп, көлік қиын қолжетімді жерден сәтті шығарылды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ”, – делінген ведомство хабарламасында.

Құтқарушылар таулы жерлерде қозғалыс кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды.