Қонаевта күндіз бассейнге су толтырып, газон суаруға тыйым салынды

0
408

Бұдан бөлек, мекеме мамандары шағын аудандардың ішіндегі құдықтардың құрылғыларын тексеріп, ретке келтірді.


Қонаевта күндіз бассейнге су толтырып, газон суаруға тыйым салынды

ERNUR.KZ. Қонаев қаласында көппәтерлі үйлердің жоғары қабатына су көтерілмей, қысымның төмендеуі байқалды. Әкімдік оны аптап ыстық болуымен және ауыз судың жасыл желекті суаруға қолданылуымен түсіндірді, деп жазады inform.kz.

Су тапшылығы мәселесін шешу үшін «Қонаев Су Арнасы» мекемесі 1 тамыздан бастап барлық демалыс орындарында күндіз бассейндерді толтыруға және газондарды суаруға тыйым салды. Бұдан бөлек, мекеме мамандары шағын аудандардың ішіндегі құдықтардың құрылғыларын тексеріп, ретке келтірді. Нәтижесінде су қысымы бір қалыпқа түсті.

- Қонаевта ауыз су желілерінің 80 пайызы тозығы жеткен. Мәселені шешу мақсатында Кешенді даму жоспарына сәйкес, 6 жобаның құжаттары дайындалуда, - деп хабарлады қала әкімдігінен.