Барды өзгеше әдіспен тонаған жігіт іздестірілуде
фото:Tengrinews
ERNUR.KZ. Ақтауда өзгеше тәсілмен барды тонап кеткен жігіт іздестіріліп жатыр, деп жазады Tengrinews.
Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, 30 қыркүйекте жігіт қаладағы барлардың біріне мас күйде келген. Кейін сол жерде ұйықтап қалған.
Ал бар қызметкерлері клиентті байқамай, үйлеріне қайтып кеткен. Таңертең оянғанда, ер адам мекемеде жалғыз екенін түсініп, жағдайды пайдалануды шешкен.
Ол темекі, алкоголь және он мың теңгені алып, "қонақжай мекемеден" шығып кеткен.