"Қоңырат, Оразгелдімін": Қаранәсілді жігіт өзінің қазақ екенін айтты (видео)

0
3 053

"Бәріміз қазақпыз, бір туғанбыз" дейді ол.


Әлеуметтік желіде өзін қазақ санайтын қаранәсілді жігіт туралы түсірілген видео таралды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бейнежазбада көрсетілгендей, көлікте отырған қаранәсілді азамат (қай елдікі екені белгісіз) өзінің қазақ екенін, руы "Қоңырат", оның ішіндегі Оразгелді екендігін айтады. Көлік жүргізушісінің "қайдансың?" деген сұрағына "Жетісайданмын" деп жауап береді ол.

"Мен сіздерді жақсы көремін, Қоңыраттар" деген түрі мен түсі бөлек азамат руларды айтып, "бәріміз қазақпыз" деп бар қазақтың бір туған екенін де тілге тиек етеді. Сондай-ақ, бүкіл әлемдегі мұсылмандарды сүйетінін де жеткізе отыра соңынан өзінің "Қоңырат" екенін тағы да айтып қазақша рэп оқиды.

Бейнежазбаның қай өңірде түсірілгендігі белгісіз.