Көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері өзгеруі мүмкін

0
7 646

Бұл туралы Әділет министрі Марат Бекетаевтың төрағалық етуімен өткен ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында айтылды.


Көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері өзгеруі мүмкін

ERNUR.KZ. Көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері тағы да өзгеруі мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазіргі уақытта ана мен баланы қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасына қатысты Үкімет қорытындысы әзірленіп жатыр. Мұндай ұсынысты Парламент Мәжілісінің депутаттары жасаған. Бұл туралы Әділет министрі Марат Бекетаевтың төрағалық етуімен өткен ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында айтылды.

- Қазіргі уақытта берілетін ақша ол 4-ші баладан 7-ші балаға дейін өзгереді. Жетінші балаға 28 АЕК беріледі. Әр балаға санағанда, ол 4 АЕК шығады. Енді қазіргі өзгерістер 8-ші баладан бастап 4 АЕК қосылады. Мәжілісте өтеді, Сенатта өтеді. Содан кейін барып күшіне енеді, - дейді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Нариман Мұқышев.