Көпбалалы әке өзіне аштық жариялап, аузын тігіп тастады

0
671

Оның мұндай әрекетке баруына Бәйтерек мөлтек ауданындағы жолдың нашарлығы себеп болған.


Көпбалалы әке өзіне аштық жариялап, аузын тігіп тастады

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Қызылордада көпбалалы әке өзіне аштық жариялап аузын тігіп тастады, деп жазады inbusiness.kz.

Оның мұндай әрекетке баруына Бәйтерек мөлтек ауданындағы жолдың нашарлығы себеп. Айтуынша, балаларының мектепке қатынауы қиын. Сондықтан, такси жалдайды.

Бала-шағасының білім ордасына барып-келуі үшін күн сайын бес-алты мың теңге кетеді. Оның қызметіне отбасының қаржылық жағдайы көтермейді. Ал мектеп пен үйдің арасы қашық.

Сондықтан, тым болмаса арнайы көлік шығарса деген ниетте. Осы жайтқа қатысты қала әкімінің орынбасары «аудан көшелеріне сәуір айында асфальт төселеді» деп уәде берген екен. Алайда айтылған сөз айтылған жерде қалды, деседі.