Алматыдағы "Саялы" ықшамауданында болған жағдайдың видеосы көптің төбе шашын тік тұрғызды. Онда кішкентай бала терезеге қойылған темір торға ары-бері өрмелеп жүр.
ERNUR.KZ. Оқиғаны куәгерлердің бірі түсіріп алған, деп жазады exk.kz.
Көрген адамның зәресі кететін бейнежазба Instagram-дағы kris.p.original парақшасында жарияланды. Онда терезеге шығып алған кішкентай бүлдіршіннің ойнап жүргенін байқауға болады. Ол темір торға өрмелеп, аяғын сыртқа қарай қайта-қайта шығарады. Мұны көрген желі қолданушылары тағы дабыл қақты.
"Мына балаға двойной решетка кою керек сияқты", "Баланы терезенің алдына шығармау керек! Бір-екі рет ұрысса мінбейтін болады", "Шекелеріне тимей ма?! Туғанды білген ана неге қарамайды осы..... Кеше ғана жантүршігерлік сәт болды", "Алланың қалауымен бала аман қалды", "Әке-шешелері тусіндіріп айтпай ма мынаған жоласаң өлесің деп", "Балларыңызға сақ болыңыздар!", — деп түрлі пікір жазды желі қолдануышылары.