Қордайдағы қақтығыстан соң бір жігіт іс-түссіз жоғалып кетті (видео)

0
3 171

Ал 11 ақпан күні Масаншыдағы қақтығыс кезінде өртенген үш қабатты сауда үйінің ішінен бір адамның өртенген мәйіті табылған.


Қордайдағы қақтығыстан соң бір жігіт іс-түссіз жоғалып кетті (видео)

фото: кадрдан скринделген

Қордай ауданындағы қақтығыстан кейін туыстары 2000 жылы туған Мұрат Мырзаханұлын іздеп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ Информбюроға сілтеме жасап.

Төрт күннен бері хабарсыз кеткен жігітті туыстары жақын аудандардың ешқайсысынан таппаған. Жанжал болған күні Мұрат жаңадан көлік сатып алып, көрші ауылдағы әжесіне көрсетуге кеткен екен. Ал көлік Масаншы ауылының маңынан өртенген күйінде табылған.

"Бауырымыз әлі жоқ. Бүгін төртінші күн. Алматы, Тараздың ауруханаларын қарадық. Мүмкін болатын жердің, Қазақстанның жақын қалаларынан қарадық. Қырғызстаннан үміт күтіп жатырмыз. Қырғызстаннан Қордайға ауруханасына жеткізілген жарақаттанған адамдардың ішінен де қарап жатырмыз. Әзірге табылмай жатыр", - дейді жоғалған жігіттің туысы.

Ал 11 ақпан күні Масаншыдағы қақтығыс кезінде өртенген үш қабатты сауда үйінің ішінен бір адамның өртенген мәйіті табылған. Бірақ әзірге қайтыс болған адамның кім екені белгісіз. Нақты ақпарат сараптамадан кейін айтылады.