Қорғаныс министрі қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің туыстарымен кездесті

0
116

Азаматтарды қабылдауға Бас әскери прокурор мен ҚР ІІМ Ұлттық ұланының өкілдері де қатысты.


Қорғаныс министрі қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің туыстарымен кездесті

Фото: Қорғаныс министрлігі

ERNUR.KZ. Қорғаныс министрі генерал-майор Айдос Мырзахметов әр жылдары әскери қызмет өткеру кезінде қаза тапқан және ауыр жарақат алған әскери қызметшілердің туыстарынан құралған бастамашыл топпен кездесті, деп жазады inform.kz.

Азаматтарды қабылдауға Бас әскери прокурор мен ҚР ІІМ Ұлттық ұланының өкілдері де қатысты.
– Қорғаныс министрлігі қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасының қайғысына ортақтасып, туыстарының өтініштеріне түсіністікпен қарайды. Әрбір өтініш мұқият қаралып, нақты жауап беріледі, – деп атап өтті қорғаныс ведомствосының басшысы.

Кездесу соңында министр әрбір жағдаймен жеке танысып, ұсынылған материалдарды зерделейтінін мәлімдеді.

Түркістандық сарбаздың анасы ұлының денсаулығына алаңдаулы екенін бұған дейін жазған едік.

Әскерде соққыға жығылған ақтаулық сарбаздың анасы ұлының жағдайы туралы айтты.

Алматы облысында сарбаз әскери бөлімінің төртінші қабатынан құлап кетті.

Ақтаудан әскерге шақырылған сарбаз Ақтөбедегі әскери бөлімде сержанттар тарапынан бірнеше рет соққыға жығылғанын мәлімдеді.

Ақтөбеде сарбаздың қабырғасын сындырған әскери қызметші сотталды.