Коронавирус: Алматы облысы қайтадан "қызыл" аймаққа енді

0
577

Ал Атырау облысы "қызыл" аймақтан "сары" аймаққа өтті.


Коронавирус: Алматы облысы қайтадан

Қазақстанда коронавирустың "қызыл" аймағына енгізілген өңірлердің тізімі өзгерді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Алматы облысы "сары" аймақтан "қызылға" орын ауыстырды. Атырау облысы керісінше "қызыл" аймақтан "сарыға" өтті. Сонымен 2 мамырдағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы мынадай:
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстары.
"Сары" аймақта: Шымкент қаласы, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары.
"Жасыл" аймақта: Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары.