Коронавирус әрбір 16 жыл сайын қайталанып тұрады: Әбжад іліміне сенесіз бе?

0
1 348

Әбжәд - Құранмен есептеу.


Коронавирус әрбір 16 жыл сайын қайталанып тұрады: Әбжад іліміне сенесіз бе?

ERNUR.KZ. Бердияр қари Сарыманұлы әбжәд ілімі бойынша індеттің әрбір 16 жыл сайын қайталанып тұратынын айтады. Қаридің өзі әбжәд ілімінің не екенін айтып түсіндірді, деп жазады Stan.kz.

Ислам дінінде әбжад термині туралы айтылмайды. Болашақты болжауға тіпті тыйым салады. Болашақ пен өткеніңді сөз ететін, болжайтын балгер-емші, сиқыршыларды да, оларға сенетіндерді де күнә жасаушылар қатарында санайды.

Ал Бердияр қаридің ұстанатын әбжәд ілімі не туралы?

"Әбжәд - Құранмен есептеу. Есеп ғылымы. Құран арқылы есеп жүргізеді. Бұл ықылым заманнан дамыған. Әр адамға әр түрлі есеп жүргізіледі. Бір адамның есебі барлығына сай келе бермейді. Мысалы сенің туған жылың, күнің басқа да сандарды алып есептейді. Әбжәд арқылы болашақта болжауға болмайды, бірақ есептеуге болады", - деді қари.

Айтуынша, осы есепке сай, елімізді жайлаған індеттің қатерлі мерзімі өтіп кеткен. Алайда бұл толығымен 2024 жылы аяқталады. Алайда әрбір 16 жыл сайын қайталанып тұрады.

"Бұл індет 16 жыл сайын қайталанып тұрады. Бұл өткен жылдарда да болды, болашақта да болады. Себебі адамдар құныға бастайды. Ақшаға құныға бастайды. Сондықтан тәубеге келтіреді", - деді ол.

Қари журнадист Данияр Есенге әбжәд бойынша ілімін айтып, жеке есебін жүргізіп көрді.

"Сен 1979 жылы мешін жылында тусаң, сенің енді ғылыми өсу кезеңің басталды. 5 саны сенің артыңда тұр. Бәле-жалаң бұрынғы күнде қалды. Ал төбеңде 4 саны тұр. Бұл сенің ғылыми өсу кезеңің. Жұмысың алға басады деген сөз. Басқа да сандар туралы кейін жеке өзіңе айтып беремін. Келіп көзіңмен көрсең болады. Көз алдыңа кино секілді елестейді. Сонда әбжадтың не екенін түсінесің", - деді ол.

Желі қолданушыларының басым бөлігі мұның адасқан ағым екенін айтып ағынан жарылды.

"Исламға мүлде қайшы. Елді адастырушылар көп, әбжад соның нағыз өзі", Бұндайға сену түкке тұрмайды, бас басына би, бас-басына имам болды ғой бұлар, сөзінің өзі адамды тартпайды", "Әбжад ғылымы туралы көп естігем, жақсы нәрсе үйретеді дейді", "Мұндай білім бар екенін енді естіп отырмын. Қаншалықты дұрыс екенін Мүфтияттан сұрап білу керек", "Есебі болжам емей немене?", - деп жазды желідегілер.

Кейбір желі қолданушылары қаридің Құралай ханым туралы айтқан пікірін кесіп тастады деп ренжіп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева әйелдерге тренинг өткізіп, ақылы сабақ жүргізіп жүрген Құралай ханымды сынға алды. Ол Құралай ханымды әбжәд есебін түсіндіреді, буддизмді насихаттап жүр деп айыптады.