Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жаңартылды.
30 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан, Алматы және Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстары "қызыл" аймақта, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шымкент қаласы мен Ақтөбе облысы "қызыл" аймақтан "сарыға" өтті.
"Сары" аймақта Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе,Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары орналасқан.
"Жасыл" аймаққа Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары кірді.


