Коронавирус: Қазақстанда шығарылған тест пайдаланылады

0
614

Ұлттық сараптама орталығының барлық филиалында отандық тест-жүйелерді пайдалану жоспарланып отыр.


Коронавирус: Қазақстанда шығарылған тест пайдаланылады

ERNUR.KZ. Ұлттық сараптама орталығы елімізде коронавирусты анықтау үшін шығарылған тест-зерттеуді пайдаланады. Бұл туралы ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев айтты, - деп жазады Tengrinews.kz.

"Наурыздан бері ҚХР өндірісінен 696 мың тест-жүйе 3 миллиард теңгеге сатып алынды. Елімізде барлығы 1,7 миллион зерттеу жасалды. Оның ішінде 971 мыңы - Ұлттық сараптама орталығында. Қалған зерттеулер жеке зертханада немесе медициналық мекемелердегі зертханада жасалды", - деді Сұлтанғазиев ОКҚ онлайн-брифингте.

Айта кетейік, бір адамға бірнеше тест жасалуы мүмкін.

Оның айтуынша, қазір тест-жүйелерді, оның ішінде Қазақстанда жасалған тест-зерттеулерді сатып алу рәсімдері жүріп жатыр.

"Ұлттық сараптама орталығының барлық филиалында отандық тест-жүйелерді пайдалану жоспарланып отыр. Үкімет резерві аясында 1,2 миллион зерттеу (тест - авт.) сатып алу көзделген...", - деді ол.