Індет жұқтырған 671 адамның жағдайы ауыр.
Бір тәулікте 22 қазақстандық коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
18 сәуірдегі мәлімет бойынша, 37 749 адам короновирус инфекциясынан (37 294 КВИ+ және 455 КВИ-) емделіп жатыр олардың ішінде 13 526 пациент стационарда, 24 223 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 671 адамның жағдайы ауыр;
• 171 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 109 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.
COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек
2021 жылғы 16 сәуірдегі мәлімет бойынша 81 жаңа жағдай тіркелді, 2 жағдай өліммен аяқталған. 89 адам жазылып шыққан.
1 тамызынан бастап: науқастар саны - 51 844, өлім жағдайлары - 750, барлығы 50 639 адам сауығып шықты.