Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаға атау берілді

0
567

Қазіргі уақытта вакцина Ұлттық аса қауіпті инфекциялар ғылыми орталығы базасында клиникаға дейінгі сынақтан өтіп жатыр.


Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаға атау берілді

ERNUR.KZ. Коронавирусқа қарсы жаңа қазақстандық вакцинаға атау берілді, деп жазады Tengrinews.kz.

Naruvax C-19 препараты Қазақ аграрлық университеті жанындағы Халықаралық вакцинология орталығында әзірленген. Қазіргі уақытта вакцина Ұлттық аса қауіпті инфекциялар ғылыми орталығы базасында клиникаға дейінгі сынақтан өтіп жатыр.

Қазақстанда коронавирусқа қарсы отандық вакциналарды екі ұйым әзірлеп жатыр. Бұл Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты және Аграрлық университет жанындағы Халықаралық вакцинология орталығы. Қазіргі уақытта ДДҰ-да қазақстанда жасалған 4 вакцина кандидат тіркелген. Олардың екеуі жануарларға клиникаға дейінгі сынақтардан өтіп жатыр. Ғылыми тәжірибе Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ғылыми орталығының базасында жүргізіледі. Алғашқы препарат NARUVAX C-19 деп аталды.

"Бұл вакцина суббірлікті. Ол синтетикалық түрде алынған рекомбинантты ақуыздар негізінде дайындалады. Қазір S-ақуыз туралы айтып отырмыз. Бұл вакцинадағы маңызды компоненттердің бірінің артықшылығы - сүт түсі екені. Оны нано-эмульсиялық май адъюванты береді. Оны франциялық серіктестеріміз ұсынған. Бұл препарат 20-дан астам елде әртүрлі вакцинаныі құрамында қолданылады. Демек, біз зертханалық жануарларға емес, адамдарға оң нәтиже көрсетсек, бұл осы препаратты тіркеу рәсімдерін жеңілдетеді. Бұл бізде ғана емес, әлемнің кез келген жерінде солай", - деді Халықаралық вакцинология орталығының жетекшісі Қайсар Табынов.

Жобаны қазақстандық жас ғалым Қайсар Табынов басқарады. Маманның айтуынша, қазіргі уақытта алынған нәтижелер үміт ұялатады. Бұл препараттың иммуногенділігіне, яғни оның инфекциядан ұзақ мерзім қорғай алатын антиденелерді қалыптастыру қабілетіне қатысты айтылып отыр. Вакцина T-жасушалық иммундық жауап береді. Ол коронавирусқа антиденелер жасап қана қоймайды, сонымен қатар дене тіндерін жасушалық деңгейде қарсы тұруға мәжбүр етеді. Ал екінші препарат NARUVAX C-19/nano деп аталды.

"Огайо мемлекеттік университетіндегі серіктестерімізбен бірге нановакцина дайындадық. Ол әртүрлі полимерлердің нанобөлшектері негізінде дайындалады. Бұл табиғи, биологиялық ыдырайтын және био үйлесімді полимерлер. Яғни, олар ағзаға оңай сіңеді және денеде қалмайды. Нановакцинаның басты ерекшелігі - денеге бұлшықет арқылы емес, жай мұрынға құйылады. Осылайша препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі арта түседі, өйткені ол мұрын-ауыз қуысындағы коронавирусты жоя отырып, шырышты қабықты қорғайды және оның қанға кетуіне жол бермейді", - деп қосты ол.

Екі вакцинаның да клиникаға дейінгі сынақтарын жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Нәтижелер оң болса, зерттеудің тағы бір соңғы кезеңі приматтарға өткізіледі.