17 қаңтар күнгі жағдай бойынша, елімізде 24 373 адам короновирус инфекциясынан (12 653 КВИ+ және 11 720 КВИ-) емделуде.
ERNUR.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастардың денсаулық жағдайы туралы мәлімет ұсынды, деп жазады ҚазАқпарат.
17 қаңтар күнгі жағдай бойынша, елімізде 24 373 адам короновирус инфекциясынан (12 653 КВИ+ және 11 720 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 296 пациент стационарда, 18 077 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 294 адамның жағдайы ауыр;
- 64 пациенттің жағдайы өте ауыр;
- 45 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.