Коронавирус жұқтырған тағы 25 науқастың сауығып, ауруханадан шыққаны белгілі болды.
Қазақстандық дәрігерлер 965 адамды коронавирустан емдеп шығарды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Соңғы деректер бойынша коронавирус жұқтырған тағы 25 науқас сауығып, ауруханадан шықты, оның ішінде Алматы қаласында – 20, Нұр-Сұлтан қаласында - 3, Атырау облысында – 1, Қарағанды облысында - 1.


