Коронавирустан қайтыс болғандарды кез келген зиратта жерлеуге рұқсат етілді

0
989

Біртановтың орнына келген жаңа министр осындай бір ұсынысты алға тартып, оны қолданысқа енгізді.


Коронавирустан қайтыс болғандарды кез келген зиратта жерлеуге рұқсат етілді

иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден

ERNUR.KZ. COVID-19 індетінен көз жұмғандарды жерлеу тәртібі өзгертілді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп жазады zakon.kz.

"Коронавирустан қайтыс болған науқастарды жерлеу тәртібіне өзгеріс енгізілді. Енді марқұмды санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық нормаларды қатаң сақтай отырып, кез-келген зиратта жерлеуге рұқсат етіледі", - деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрі ОКҚ-да өткен брифингте.