Қауіпті індетпен ауырғандар саны жалпы ел бойынша 45719 адамға жетті.
ERNUR.KZ. Желіде Covid-19-ды жұқтырған науқастар саны бойынша максималды өсім көрсеткен Қазақстан картасы таралуда. Мұндай көрсеткіш симптомсыз тасымалдаушыларды жалпы статистикаға қосқандықтан туындап отырған көрінеді, деп жазады Stan.kz.
Карта бүгін таңертең NY Times басылымында жаңарып жарияланған.
Картада екі апта бойынша індеттің таралу динамикасына байланысты әр жер әр түрлі түстерге боялады. Қазақстан картада қызыл түске боялған. Австралия, Малави, Намибия, Хорватия және Парагвай да Қазақстанмен түстес.
Бір күнде Қазақстанда 3575 жаңа жағдай тіркелген. Салыстырмалы түрде, Австралияда, жоғары көрсеткіш көрсеткен елдердің бірінде, бір күнде вирус жұқтырғандар саны 94, Хорватияда 67.
Қазақстанда сырқаттанғандар санының күрт өсуін есептеу әдістемесінің өзгеруімен байланыстырады: бұдан былай елімізде симптомсыз науқастарды жалпы статистикаға қайта қосатын болды.
Айта кетейік, Қазақстан бойынша вирустан жазылғандар саны - 15404 болды. Ал жалпы ел бойынша ауырғандар саны 45719-ға жетсе, көз жұмғандар саны 188 адамды құрайды.