Қосшыда ер адам 9 жасар баланы ұрып тастады

0
579

​Елорданың іргесінде Ақмола облысына қарасты Қосшы қаласында ер адам 9 жасар баланы ұрып тастады. Жергілікті тұрғындар баланың суретін жариялап, дабыл қағып жатыр.


Қосшыда ер адам 9 жасар баланы ұрып тастады

ERNUR.KZ. Олардың айтуынша, баланы соққының астына алған адам әлі еркіндікте жүр, деп жазады Экспресс К.

Қосшыда болған жантүршігерлік оқиға туралы "Типичная Астана" паблигі жазды. Аулада 9 жастағы екі бала ұрысып қалады да, біреуінің әкесі ұлы үшін есе қайтару үшін екінші баланың көгала қойдай сабап тастайды.

"40 жастағы еркек баланы басында жұдырығымен сабап, кейін басын асфальтқа ұрды. Мұндай соққылардан кейін баланың үсті-басы көгеріп, бет-аузы қан-жоса болды", деп жазды парақша авторы.