Қостанай-Алматы бағытындағы жолаушылар пойызынан өрт шықты

0
649

​Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.


Қостанай-Алматы бағытындағы жолаушылар пойызынан өрт шықты

ERNUR.KZ. Астана-Қарағанды учаскесінде жеке жолаушылар пойызынан өрт шықты, деп жазады sputnik.kz.

22 наурыз күні сағат 11:13-те Астана – Қарағанды-Сортировочная учаскесінде Түрксіб Астана" жеке тасымалдаушысының Қостанай – Алматы бағытындағы №44 жолаушылар пойызынан өрт шықты.
Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Вагон өзге құрамдардан ажыратылды.
Оқиға орнына Астана станциясынан өрт сөндіру пойызы жөнелтілді. Өртті теміржолшылар мен ТЖД қызметкерлері сөндірді.
Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.