Қостанай облысында 11 адамға химиялық кастрация жасалады: Бюджеттен қанша қаражат бөлінеді

0
244

Бөлінген қаражатқа дәрігерлердің кеңесі, тексеру және жылына 24 инъекция кіреді.


Қостанай облысында 11 адамға химиялық кастрация жасалады: Бюджеттен қанша қаражат бөлінеді

ERNUR.KZ. Биыл Қостанай облысында сот шешімімен 11 адам химиялық кастрациядан өтеді, деп жазады stan.kz.

Мәліметтер бойынша мемлекеттік бюджеттен бір адамға 130-135 мың теңге бөлінеді. Бұл сомаға дәрігерлердің кеңесі, тексеру және жылына 24 инъекция кіреді.

Осы қызметті көрсету бойынша мемлекеттік сатып алуды Жітіқара аудандық ауруханасы мен Арқалық аудандық емханасы жеңіп алды.

Келісімшарттар әлі қаралып жатыр. Кәмелетке толмағандарға зорлық-зомбылық жасағаны үшін сотталған 11 адамды арнайы препараттарды енгізу арқылы химиялық кастрация жасалады.

Еске салайық, бұған дейін Ақтауда эпилепсиямен ауыратын кішкентай қызды зорлаған ер адам 22 жылға сотталғанын жазған едік. “Немолчи” қоры педофилдің сотталғанын мәлімдеді. Мәлімдеуінше, сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде қыздың талмасы ұстап, оны жедел жәрдем көлігі алып кеткен. Ал сот тергеуі кезінде қыздың анасы ауруханаға түскен.