40 жастағы әкім пара алды деп күдікке ілінген.
ERNUR.KZ. Әулиекөл ауданының әкімі Асхат Қисықов тұтқындалды, деп жазады Zakon.kz.
Ақпарат агентігінің дерегінше, 2 шілдеде шамамен кешкі сағат сегізде аудан әкімін Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке түсініктеме беру үшін шақырған.
40 жастағы әкім 320 орынға арналған мектеп құрылысына қатысты пара алған деп күдікке ілінген делінеді хабарламада.