Қостанай облысында бруцеллез ауруы тіркелді

0
1 139

Зерттеу барысында 16 бас малда бруцеллез анықталды, ал 17-сі күмәнді нәтиже көрсетті.


Қостанай облысында бруцеллез ауруы тіркелді

ERNUR.KZ. Қостанай облысының Ұзынкөл ауданында бруцеллез ауруы тіркелді, деп жазады Tengrinews.kz.

"Ұзынкөл ауданында, атап айтқанда "Тойсай" ЖШС-де жоспарлы зерттеу барысында бруцеллезге оң нәтиже көрсеткен 20 бас анықталды. Ал 72 бас малдың қан анализі күмәнді нәтиже көрсетті", - деді Қостанай облысы бойынша Ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Айнагүл Көшубенова.
Оның айтуынша, барлық оң нәтиже берген жануарлар "Север-Ет" ЖШС-не союға тапсырылған.
"Патологиялық материал бар тоғыз сынама таңдалып алынды, оған облыстық ветеринариялық зертханада зерттеу жүргізіледі. Егер шынымен бруцеллез расталса, бұл шаруашылықта ауруға байланысты қолайсыз пункт жарияланып, шектеу шаралары қолға алынады. Бірақ зерттеудің соңғы нәтижесін күту керек.
Зерттеу барысында 16 бас малда бруцеллез анықталды, ал 17-сі күмәнді нәтиже көрсетті, 15 күнтізбелік күннен кейін қайта тексеруден өтеді. Бүгінде барлық ауру мал союға жіберу үшін оқшауланған. Тек барлық тексеруден кейін ғана Ұзынкөл ауданының ветеринарлық инспекторы карантин ашу немесе ашпау туралы шешім қабылдайды", - деп түсіндірді Көшібенова.
Ветеринария басқармасы облыста ірі қара малдың бруцеллез ауруын жұқтыру деңгейінің жыл сайын төмендеу тенденциясы бар деп сендірді: 2021 жылы – 0,24 пайыз, ал 2022 жылдың аяғына қарай – 0,20 пайыз.