Қостанай облысында әйел бесінші қабаттан дәмхана шатырына құлап кетті

0
122

ТЖМ мамандары төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне дереу қоңырау шалу қажет екенін еске салды.


Қостанай облысында әйел бесінші қабаттан дәмхана шатырына құлап кетті

Сурет: ТЖМ баспасөз қызметі

ERNUR.KZ. Рудный қаласында әйел бесінші қабаттағы терезеден үйге жапсарлас орналасқан дәмхананың шатырына құлап кеткен. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары дәрігерлермен бірлесіп, құтқару операциясын жүргізді, деп жазады zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға 50 жыл Октябрь көшесінде орын алған. Әйел бесінші қабаттағы терезеден дәмхананың шатырына құлаған. Оқиға орнына құтқарушылар жедел жетті.

Құтқарушылар арқан мен зембілді пайдаланып, зардап шеккен әйелді абайлап төмен түсіріп, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.

ТЖМ мамандары төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне дереу қоңырау шалу қажет екенін еске салды.