Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қаза тапты

0
141

Жол апаты Қостанай - Әулиекөл - Сұрған тасжолының 106-шақырымында болған.


Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қаза тапты

Фото: ng.kz

ERNUR.KZ. Қостанай облысында тасжолда төрт адамның өмірін қиған жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп жазады tengrinews.kz.

Өңірлік Полиция департаменті баспасөз қызметі мәліметінше, жол апаты Қостанай - Әулиекөл - Сұрған тасжолының 106-шақырымында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Mercedes-Benz 200 автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, ВАЗ 2107 көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Соққы салдарынан төрт адам қаза тапты.

"Апат дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады Қостанай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.