Қостанай облысының тұрғыны мемлекетке 195 млн теңге залал келтірді

0
737

Ол 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына тартылды.


Қостанай облысының тұрғыны мемлекетке 195 млн теңге залал келтірді

ERNUR.KZ. ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Қостанай облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті Тобыл қ. тұрғынының өз кәсіпорны атынан жалған мәмілелер жасап, сол арқылы мемлекетке ірі көлемде залал келтіргенін анықтады, деп жазады zakon.kz.

Айыпталушы 2017 жылы құрылтайшысы мен директоры болып табылатын өз фирмасын тіркеп, Тобыл қ. кеңсе жалдаған. Клиенттер іздеу кезінде жадған шот-фактуралар рәсімдеу үшін қолма-қол ақшаға аударылған қаражаттан 3-5% көлемінде сыйақы ұсынған танысына жолықты.

Сол уақыттан бастап мүліктік пайда табу мақсатымен ол танысының ЖШС адресіне тауарларды іс жүзінде жеткізбей, жұмыстарды орындамай және қызметтерді көрсетпей жалған бухгалтерлік құжаттарды рәсімдеп келген. Мемлекетке 195 724 161 теңге сомасына өтелмеген салықтар түрінде залал келтірілді.

Қостанай аудандық сотының үкіміне сәйкес Тобыл қ. тұрғыны ҚР ҚК 216-б. 3-б., 28-б. 5-б., 245-б. 3-б. қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылықтарды жасағаны үшін айыпты деп танылды және 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына тартылды.

Сондай-ақ, ол 3 жылға мемлекеттік және коммерциялық ұйымдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында және материалдық жауапкершілікпен, ұйымдастырушылық-басқару, әкімшілік-шаруашылық, қаржылық және бухгалтерлік функциялармен байланысты мекемелерде лауазымдарды иелену құқығынан айырылды.