Қостанайда 30 тоннадай мал еті мұқтаж жандарға үлестіріледі

0
894

Қостанай облысында құрбан шалуға жағдай жасалып, мал соятын 37 орын белгіленді. Сол орындарда үш күн бойы қайырымдылық акциясы өтеді.


Қостанайда 30 тоннадай мал еті мұқтаж жандарға үлестіріледі

ERNUR.KZ. Сойылған малдың еті тұрмысы төмен және көпбалалы отбасыларға, қарттар мен балалар үйіне үлестіріледі, деп жазады inbusiness.kz.

Биыл облыс орталығы бойынша 30 тоннадай ет жіліктілеп, мұқтаж кісілерге теңдей таратылады.

«Бұл жерде екі формада құрбандық шалып, еттерін бөлуде. Біріншісі әркім өзі бөліп, «өзімнің қалаған адамыма, мұқтаж жаныма беремін, отбасыммен бір бөлігін жеймін» деп жатса, кейбіреулері «арнайы мешітке берейік, сіздер мұқтаж жандарға таратыңыздар» деген ықыластарын білдіріп жатыр»,– дейді қалалық мешітінің наиб имамы Дархан Қосылбаев.