Қостанайда банк қызметкері 87 млн теңгені жымқырып, елден қашып кеткен

0
909

Қазіргі уақытта күдіктіні ұстау шаралары басталды.


Қостанайда банк қызметкері 87 млн теңгені жымқырып, елден қашып кеткен

ERNUR.KZ. «Еуразиялық банк»АҚ Жітіқара қалалық филиалының қызметкері 87 млн теңге ұрлап, Қазақстаннан қашып кеткен, деп хжазады ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті 12 қараша күні Ресей Федерациясының шекарасынан өтіп кеткен.

«Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексі 189-бабының, 4-бөлігінде көзделген (Кiнәлiге сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу, яғни жымқыру) қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оның банк кассасынан 87 млн теңгені ұрлап кеткені анықталды», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Қазіргі уақытта күдіктіні ұстау шаралары басталды.