Қостанайда бес жасар қыздың зорлаған балалар арнайы мектепке жіберіледі

0
351

13 жасқа дейінгі ұлдар қыз баланы бұталардың арасына апарып, шешіндіріп, таспен ұрған.


Қостанайда бес жасар қыздың зорлаған балалар арнайы мектепке жіберіледі

ERNUR.KZ. Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова Қостанай облысында 5 жасар қызды зорлады деген күдікті балаларға қандай шара қолданылатынын айтты, деп жазады ulysmedia.kz.

13 жасқа дейінгі ұлдар қыз баланы бұталардың арасына апарып, шешіндіріп, таспен ұрған.

– Ұлдар оның әуретті жерінен ұстап, қамыс тықпақ болған. Үшеуі де жыныс мүшелерін аузына салған. Үнсіз қалуы үшін олар ойыншық сөмкесін сыйлап кеткен. Мұның бәрін қыз бала екі аптадан кейін атасына айтты, - деп хабарлаған еді әуелі "Не молчи" қоры.

Ұлдар арнайы мектепке жіберіледі

Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова жәбірленуші мен шабуылдаушылардың жағдайы нашар екенін айтады. Сонымен бірге, ұлдарды арнайы мектепке жіберу үшін жұмыс істеп жатқанын хабарлайды.

– Бұл жағдайда заңбұзушылар өте жас балалар әрі ерекше бақылауды қажет ететін отбасылардан шыққан. Ата-аналарына да қарау керек. Өйткені олар өмірдің қиын жағдайына тап болған адамдар. Маскүнем отбасылар бар. Қылмыс жасаған үш ұл сондай отбасынан шыққан. Қазір олар аймақтың кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында. Оларды арнайы мектепке ауыстыру мәселесі қарастырылып жатыр, - деді ол.

Комитет басшысының сөзінше, қыздың анасы қазір бала құқықтары жөніндегі өңірлік комиссармен байланыста отыр.

– Біз жұмыс тәсілінің кілтін табуға тырысамыз, өйткені бұл жағдай бәрін дүр сілкіндірді. Сондықтан оның жағдайын түсіну керек, бұл жұмыс жалғасады. Ұлдардың ата-аналары әкімшілік кодекс бойынша жауапкершілікке тартылады, - деді Насымжан Оспанова.

Оның айтуынша, мұндай оқиға бұрын болмаған.
Әйтсе де, мұндай сұмдық жайттар елде азайып келе жатқанын атап өтеді.

Оқиға жайлы

Еске сала кетейік, Қостанайда 12-13 жастағы ұлдар 5 жасар қызды зорлағаны жөнінде алғаш ақпаратты #НеМолчиKZ ұйымы таратқан еді. Оқиға 6 шілде күні болған. Анасы қызына велосипед сатып алып, тосынсый жасайды. Көршісі екеуі велосипедті жинап жатқанда, таныс көршінің баласы қызды үйдің артына алып кетеді. Анасы қызының сыртқа шығып кеткенін байқап, іздей бастайды. Кейіннен үсті-басы кір-кір, шашы дода-дода, ойыншық салынған қабын сүйретіп келе жатқан қызын көреді. Қатты қорқып кеткен анасы не болғанын түсінбей, қызына ұрысып тастайды. Алайда бұл әрекеті үшін кейіннен ол қатты өкінген.

Полицияның мәліметі

Қостанай облысының полиция департаменті бес жастағы қыз баланың зорланғанын растады. Күдіктілер қылмыстық жауапкершілікке тартылатын жасқа жетпеуіне байланысты оларға бұлтартпау шарасы қолданылмаған.