Қостанайда қару-жарақ дүкенінде болған жарылысқа байланысты сот үкімі шықты

0
457

Дүкеннің төрт қызметкері қаза тауып, 11-і жараланған болатын.


Қостанайда қару-жарақ дүкенінде болған жарылысқа байланысты сот үкімі шықты

ERNUR.KZ. Сот Қостанайдағы қару-жарақ дүкенінде болған атышулы істі қарады, деп жазады stan.kz.

№2 сотта Қару-жарақ палатасының директоры Сергей Бескровныйға үкім шықты. Жарылыс кезінде зардап шеккендердің арасында ер адам да болды, оның денесінің 50 пайызын күйік шалған. Бұған дейін прокурор бес жылға соттауды сұраған болатын. Ол Қылмыстық кодекстің 292-бабының 3-бөлігі "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бойынша сотқа жіберілді.

"Айыпталушы қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, басшы қызметін атқару құқығынан айыра отырып, бес жылға бас бостандығынан айыру және жазасын ең төменгі режимдегі колонияда өтеу жазасын тағайындалды", - деп хабарлады судья Анара Шаймұрынова.

Іс төрт ай бойы қаралды. Сотталушының өзі жарылғыш заттың бір түрі іске қосылғанын мәлімдеген. Құрбан болғандардың арасында "Сатурн" ЖШС-не тиесілі "қару-жарақ палатасының" қызметкерлері болған.

Еске салайық, 2022 жылдың 3 қыркүйегінде Қостанайдағы қару-жарақ дүкенінде жарылыстан кейін өрт шыққан болатын. Жарылыс көршілес сауда нысандары мен тұрғын үйлерге де зақым келтірген. Құтқару жұмыстары 15 сағатқа созылды. Дүкеннің директоры Сергей Бескровный жарылыстан кейін ауыр халде жансақтау бөліміне түсті. Дүкеннің төрт қызметкері қаза тауып, 11-і жараланды.