Өрттің тұтануына не себеп болғаны әзірге белгісіз.
ERNUR.KZ. Облыс орталығындағы Уральский көшесінде өрт шығып, қала үстін қою қара түтін басты, деп жазады Экспресс К.
Әлеуметтік желілерде қаулаған суреттер мен видеоларға байланысты облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлімет берді. Белгілі болғандай, "Автомагнат" дүкені маңында автокөлік дөңгелектерінің тысы өртенген.
"Өрт сағат 13:20 шамасында басталған. Аңызақ жел және 36 градустық ыстық тілсіз жауды өршелендіріп, жалын 300 шаршы метр ауөымды шарпыған. Өрт сағат 15:18-де оқшауланды. Қазір өрт сөндірушілер алауды ауыздықтау үшін күресіп жатыр",— деді баспасөз қызметі.
Өрттің тұтануына не себеп болғаны әзірге белгісіз.


