Қостанайда радикалды діни идеологияны насихаттаған ер адам құрықталды

0
295

Қостанайда полицейлер радикалды діни идеологияны насихаттаған ер адамды құрықтады.


Қостанайда радикалды діни идеологияны насихаттаған ер адам құрықталды

ERNUR.KZ. Қостанай облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында 30 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады, деп жазады zakon.kz.

Радикалды діни идеологияны ұстана отырып, ол өз ортасы мен әлеуметтік желілерде өзге дінді ұстанатын азаматтардың төмендігін насихаттайтын және діни себептермен зорлық-зомбылыққа шақыратын материалдарды таратқан.

"Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, терроризмді насихаттағаны үшін оған қатысты 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделіп отыр, ал діни алауыздық тудырғаны үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін", – деді басқарма бастығының міндетін атқарушы Сәбит Ибраемов.

Ол сондай-ақ осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын атап өтті. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілі жатыр. Күдікті ұсталып, тергеу изоляторына қамауға алынды.