Қостанайда студенттің қолын қамыр араластыратын аппарат тартып алған

0
594

Қыздың қатты жарақаттанған қолын дәрігерлер аман алып қалды.


Қостанайда студенттің қолын қамыр араластыратын аппарат тартып алған

ERNUR.KZ. Қостанайда аспаз студент қолынан айырылып қала жаздады, деп жазады Sputnik Қазақстан.

17 жастағы қыздың қолын қамыр илейтін аппарат тартып алған.
"Тері, бұлшықет, сіңір, қан тамырлары және оң білек сүйектері қатты жарақаттанған. Жағдайы өте ауыр болып келді. Бұндай жағдайда тәулік емес, минуттың өзі қауіпті. Кешіксек қолын ампутация жасауға тура келетін еді", - дейді Қостанай облыстық балалар ауруханасы травматология бөлімінің меңгерушісі Мирас Ержасов.
Науқас үш апта жансақтау бөлімінде жатқан. 6 апта травматология бөлімінде емделген. 14 рет ота жасалып, 6 ай бойы оңалтудан өткен.