Қостанайда жас әйел екі күн бойы боранда адасып жүрген

0
114

Жоғалған адамды құтқарушылар даладан тауып алды.


Қостанайда жас әйел екі күн бойы боранда адасып жүрген

ERNUR.KZ. ТЖМ қызметкерлері Қостанай облысында екі күндік іздестіруден кейін далада әйелді құтқарды, деп жазады BAQ.KZ.

Жангелдин ауданында 2000 жылы туған әйелді іздеу жұмыстары сәтті аяқталды. Ол 8 қаңтар күні кешке үйінен белгісіз бағытқа кетіп қалған.

Жоғалған адамды құтқарушылар даладан тауып алды.

“Құтқарушылар оны Трэкол автокөлігіне отырғызып, ыстық шай беріп, содан сол ол жылынып алды. Құтқарылған әйел жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырылып, Торғай ауылының ауруханасына жеткізілді”, - делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Іздестіруге құтқарушылар, полиция, ЖАО күштері, сондай-ақ кинологиялық жасақтар тартылды.